Таңдаулы жаңалықтар:

ЖАҢАДАН ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ БАҒЫТТАЙТЫН КІТАПТАР ТІЗІМІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылар бөлімінің ұйымдастыруымен жаңадан отау құрған жастарды отбасылық өмірге бағыттайтын кітаптар тізімінен қысқаша үзінді ұсынады.⤵️

1️⃣.»Бақытты отбасы болудың құпиясы»

Автор: Жанар Сейсенбаева

Жанар Айтбергенқызы бұл кітапта отбасының құндылығы неде екенін, бақытты отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі, отбасын сақтап қалу үшін пайдалы кеңестер айтады. Автордың айтуынша, ол кітап жазу барысында ұлттық тәрбиені зерттеп, қазақтың әрбір сөзіне, әрбір мақалына мән беріп отырған. «Қоғамда проблемалар бар, болады және болған да. Бірақ қоғамда адам болып қалу үшін біріншіден тәрбие дұрысталуы қажет. Отбасыны сақтап қалу үшін де тәрбие болу керек. Қазақтың тәрбиесіне жетер тәрбие жоқ екен.Ұлтты тәрбиелеймін десең алдымен қызды, әйелдерді тәрбиелеу керек», — дейді автор. ✅

2. «Шаңырақ шайқалмасын десеңіз…»

Автор: Данияр Сүлейменов

Бұл кітапшада қоғамның түйткілді мәселесі – ажырасу жайлы талқыланып, оның себептері мен алдын-алу шаралары қарастырылады. Сонымен қатар шаңырақ көтеруді қалаған жастарымызға бақытты отбасы болудың жолдары да ұсынылады. Кітапша жалпы оқырман қауымға арналған.✅

3. «Отбасы өзіңнен басталады»

Автор: Салих Юсуфоглу

Қолыңыздағы кітапта отбасындағы татулық пен береке-бірлікті нығайтатын 33 пайдалы кеңес берілген. Олардың барлығында қасиетті Құран Кәрімде бұйырылған тәлім-тәрбие бар. Сонымен қатар Алла Тағаланың ақырғы елшісі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) үлгі-өнегеге толы өмірбаянынан сыр шертеді.✅

4. «Бақытты отбасы болудың негіздері»

Автор: Данияр Сүлейменов

Бұл шағын кітапшада мұсылмандық жолмен неке қиюдың артықшылығы, өзіндік негіздері мен шарттары баяндалады. Үйленудің мәні мен ақ адал некеге құрылған шаңырақтың текті ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы сөз етіліп, жастарымызға өмірлік жар таңдауда қателікке бой алдырмаудың алдын-алу жолдары ұсынылады. Кітапша жалпы оқырман қауымға арналған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *