Жаңа оқу жылына дайындық қандай?

Бүгінде Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 27 күндізгі жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 22-сі орта, төртеуі негізгі, біреуі бастауыш мектеп болса, шағын жинақты мектептің саны 18.

2020-2021 оқу жылында барлық мектептер бойынша болжамды бала саны 9212 құрап отыр.

2020-2021  жаңа оқу жылында 1 сыныпқа келетін болжамды бала саны  970 (831 мектепалды даярлық сыныптарынан 70 бала балабақшадан),  қазіргі уақытта  903 (93,0%) бала қабылданды. 1 сыныпқа қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. 1 қыркүйек «Білім күні» онлайн форматта өткізу жоспарлануда.

Жаңа оқу жылының 1 тоқсанын қоғамдағы орын алып жатқан пандемияға байланысты 9 мектеп қашықтықтан оқытылады. Аталған мектептерде барлығы 7195 оқушы білім алады, оның 5897 оқушысы қашықтықтан оқиды, аудан бойынша барлық оқушылардың 64,1% құрайды. Бала саны 180 оқушыға жетпейтін 18 шағын жинақты мектеп штаттық режимде білім алады.

Қашықтықтан оқытылатын мектептер Жаңатас қаласындағы С.Сейфуллин орта мектебі, Абылайхан мектеп лицейі, М.Әуезов мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов мектеп-гимназиясы, Игілік ауылындағы Ш.Датқа орта мектебі, Түгіскен ауылындағы Түгіскен орта мектебі, Саудакент ауылындағы Б.Қашқынбаев орта мектебі және Б.Адамбаев атындағы трек орта мектебі, Әйтеке би  атындағы орта мектебі.

Сонымен қатар аталған мектептерде кезекші сыныптар ашу жоспарлануда Кезекші сыныптарға 1-4 сыныптар арасында болжамды түрде 95 сыныпта 1298 (18,4%) оқушы қатысады. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы саны 227, оқушы саны 336.

Кезекші сыныпқа аталған мектептердегі 1 сыныптағы барлық 712 оқушы қамтылады.

Оқу үрдісі санитариялық дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүргізілетін болады.

Шағын жинақталған 18 мектеп дәстүрлі оқиды деп жоспарланып отыр. 2019-2020 оқу жылын 18 шағын жинақты мектептерде 1960 оқушы аяқтады.  Биылғы оқу жылына 2017 (21,3%) оқушы келеді деп жоспарлануда. Дәстүрлі оқитын 18 мектептегі мұғалімдер саны 510.

Қазіргі таңда барлық мектептерде кварц лампасы 27, тепловизор 47, антисептик 250 литр, қол кептіргіш 16, санитайзер 10 дана бар.

Қашықтықтан оқыту курсы:

Microsoft компаниясы ҚР ынталы мектеп мұғалімдерін жаңашыл педагогтерді сертификатциялау және дамытудың халықаралық бағдарламасына  innovative Microsoft Education (MIE) аталған бағдарлама бойынша 1022 педагог қашықтықтан курсты аяқтап сертификат алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың  15 шілде- 14 тамыз аралығында «Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру» бойынша  мұғалімдердің   біліктілікті артыру курсы жүргізілуде.  Аталған курсқа   ауданнан 462 мұғалім оқытылуда. Қазіргі  таңда 232 мұғалім курсты аяқтаса,  қалған 230 мұғалім бекітілген бөлініске сәйкес көрсетілген мерзімде аяқтайды.

2020-2021 оқу жылына қашықтықтан оқытуға дайындық барысында қазіргі таңда аудандағы озық тәжірибелі пән мұғалімдері 72 видеосабақ түсіріп дайындады. Түсірілген видео сабақтар әлеуметтік желідегі ютуб, фейсбук парақшаларына жарияланады. Пән мұғалімдері осы видеосабақтарды өздерінің пәніне арнайы көрсетілген сілтемелер арқылы қолдана алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *