Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласында Болат Өтемұратов «Қоры Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасымен педагогтер арасында көшбасшылық бойынша курсын бастады. Қоғам дамуындағы әр тұлғаның сыни түрде өзін-өзі бағалай алуы, шаршы топта сөз бастау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновпен арнайы Меморандум аясында жоба қолға алынған болатын.

Басты міндеті – мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі — бұл қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

Жоба арқылы оқушылар келесі өмірлік дағдыларды қалыптастырады:
Шешім қабылдау дағдылары;
Мақсат қою;
Уақытты басқару;
Сыни тұрғыдан ойлау;
Шығармашылық және шығармашылық ойлау;
Қарым-қатынас және көшбасшылық қабілеттер;
Креативтілік;
Топты басқару;
Эмоционалды интеллект;
Келіссөз жүргізу;
Бейімділік;
Стресске төзімділік;
Ынтымақтастық және топтық жұмыс. Білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Курс тыңдаушылары санитарлық талаптарды барынша сақтай отырып біліктілігін арттыруды мақсат етті.