Шымкент қаласы Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының кітапханашылары К. Т. Калмурзаева мен А. С. Аманкулова мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа көркем әдебиеттерді ұстаздар мен білім алушыларға таныстырып, ақпарат берді. «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», — деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек, дей келе, оқушыларға кітап оқуға ынталандыру жұмысы жүргізілді.