Таңдаулы жаңалықтар:

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында Фронт-офистің ашылуы өтті.
Ары қарай “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов пен партия жанындағы Қоғамдық кеңес төрағаларының қатысуымен мәжіліс өткізілді.
Іс-шараны «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов ашады. «Фронт офистің» атқаратын қызметі және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева Әлібекқызы таныстырды.

Аталмыш фронт-офистің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына онлайн түрде қызмет көрсету, азаматтардың өтінішін қарау, тіркеу және өңдеу болып табылады. Қоғамдық қабылдау қызметкерлерімен қоса аудандық филиал қызметкерлері фронт-офистің коңырауларын қабылдап, өтініштерді тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдау арқылы шұғыл жауап беруді ұйымдастырады.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштеріне әр сала маманы, мәселен: құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокуратура, полиция департаменті, әділет департаменті, адвокаттар алқасы, медиатор орталығы және жергілікті атқарушы орган мамандары тиісті сұрақтарға жауап береді.

 

Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов фронт-офисті ашып, сайлауалды бағдарласы бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шаралардың орындалуын баяндады.
Сондай-ақ, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Дария Кожамжарова Пернешқызы және аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы сөз сөйледі.