Жамбылдық жастар жұмыссыз қалмайды

Былтыр жыл ішінде Жастар саясатында 16,6 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдындағы есебінде айтты.

     «Zhas Projeсt» жобасы аясында 206 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 762 жас жұмыспен қамтылса, оның 33 — мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

     Жұмыссыз немесе нәтижесіз жұмыспен қамтыған, оқымайтын NEET санатындағы жастардың Базасы жасақталды. (11 мыңнан астам).

Осы орайда, «Жастар жылындағы» бірден бір атқарылатын жұмыс – жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу болмақ.

Келесі бір маңызды мәселе -– еріктілер (волонтерлық) қозғалысына тың серпін беріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдалану.

Осы орайда, бұл қозғалысты, облыста жүйе ретінде қалыптастыру үшін, өткен жылдың аяғында «Қамқор» жобасы қолға алынды. Оған 1 мыңға жуық еріктілер тартылды. Тараз қаласында 3 арнайы әлеуметтік заттар жинайтын орын ашылды. Бүгіннің өзінде 574 тұрмысы төмен отбасыға 3,2 млн. теңгеге азық-түлік, киімдер таратылды. Ендігі жерде бұл жұмыстың ауқымы кеңейтіліп, аудандар да қамтылғалы отыр.