ЖАМБЫЛДЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ 88,8%-Ы ПАРТИЯІШІЛІК САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

7 қазан күні «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев партия облыстық филиалының мәжіліс залында праймеризге қатысқан кандидаттармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында праймериз қорытындысы айтылып, облыс бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Орынқыз Жодасова және «Акчалова» ЖШС директоры Айгүл Ақшаловалар өз пікірлерін білдірді.

 

Жиын соңында праймеризге қатысқан кандидаттар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Машбекұлының Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, «Праймериз» жүйесіне тіркелген жамбылдық партия мүшелерінің 88,8%-ы партияішілік сайлауда дауыс беріп, өз белсенділігін танытты.
Сондай-ақ, Рrimаries.kz сайтында аудандар мен қалалық праймеризге қатысушылардың жалпы және әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы рейтингісі шығарылды.

Жалпы облыс бойынша праймеризге 767 кандидат қатысты, оның ішінде 35,5% — әйелдер, 28,8% — 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі 8 азамат.
Бір айға созылған үгіт-насихат жұмыстары кезеңінде кандидаттар 88 мыңнан аса адамды қамти отырып, 3 мыңнан астам кездесу өткізді. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарында 2 мыңға жуық кездесу өтті. Кездесу барысында праймериз қатысушыларына халықтан 1,5 мыңға жуық ұсыныс пен аманат түсті.
Облыс бойынша кандидаттарға арналған 176 жария пікірсайыс ұйымдастырылды.