Жамбылдық оқушылар тағы да топ жарды

Мектеп оқушыларының дәстүрлі республикалық пәндік олимпиадасы қорытындыланды. Үш күнге созылған білімділер бәсекесіне Жамбыл облысынан 9-11 сыныптың 31 оқушысы қатысып, бақ сынады.  

Ағымдағы жылдың 25-28 наурыз аралығында Қызылорда облысында қоғамдық-гуманитарлық жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Байқау қорытындысы бойынша, жамбылдық 2 оқушы алтын, 5 оқушы күміс және 7 оқушы қола медальді иеленіп, топ жарды.

Жалпы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың биылғы ерекшелігі – білім сынағының әділ, ашық әрі айқын өтуі үшін сыныптар арнайы бейнекамералармен жабдықталып, олимпиада онлайн режимде өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *