Жамбылдық 7 оқушы республикалық «Абай әлемі» байқауында топ жарды

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» атты шығармашылық онлайн-байқау өтті.
Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған байқауға Жамбыл облысынан 12 оқушы қатысып, 7-уі жеңімпаз атанды.
Байқауда оқушылар Абайдың шығармашылығы туралы эссе жазып, арнау өлеңдерін оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» эссе жазу номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Т.Рысқұлов ауданындағы Абай орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдосұлы Елнұр, ІІІ дәрежелі дипломмен Жамбыл ауданындағы Б.Беспаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сауран Гүлзат, Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Уайс Гүлім және Талас ауданындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің оқушысы 11-сынып Сәрсенбек Ерзат марапатталды.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» аталымы бойынша І дәрежелі дипломмен Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Искаков Сәбит, ІІ дәрежелі дипломмен Талас ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бармеш Аружан және ІІІ дәрежелі дипломмен Т.Рысқұлов ауданындағы Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Тынышбек Дәулет марапатталды.
Сонымен қатар, шығармашылық қабілетімен көзге түскен оқушылар Алғыс хатпен марапатталды
Жеңістеріңімпаздарды құттықтаймыз!