Жамбылда спорт клубтары жабылып жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызмтінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков осындай жаңалығымен бөлісті. Оның айтуынша, бұл  іс Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде  жүзеге асып жатыр.

Бұл тұрғыда, Жамбыл облысы әкімдігінің қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, ж екешелендірілу мерзімдері 2020 жылға белгіленген 5 ұйымның жекешелендіру уақыты 2017 жылға ауыстырылды. Атап айтқанда, «Қазақ күресі клубы», «Жамбыл» бокс клубы», «Тараз» волейбол клубы», «Әулие-ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары таратылуда.  Ал,  «Айша бибі» су добы клубы» кәсіпорыны аукционда сатылды.

Жекешелендірудің негізгі мақсаты Жергілікті бюджетке қаржы түсірумен қатар, облыстағы бизнестің дамуына серпін беріп, экономикадағы мемлекет үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу болып табылады,-деді Гамлет Қайнарбеков брифингте.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл  Жамбыл облысының коммуналдық меншігіндегі 9 ұйым бәсекелес ортаға беріледі. Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың ішінде, бүгінгі таңға «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы, «Жамбыл-Жылу», «Темір Жол Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы және «Айша бибі» санаторийі»  қазыналық кәсіпорындарына бағалау жұмыстары жүргізіліп, шілде айында тендерге шығарылатын болады.

Мейірхан ЖҰМАБАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *