Жамбылда «Сервистік әкімдік» форматында 7 мемлекеттік мекеме жұмыс жасауда

27/01/20201min220

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар және  Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласының «сервистік әкімдігінің» жұмысымен танысты. Сервистік әкімдік Тараз қаласының тұрғындарына жер және архитектура салалары бойынша ашық форматта қызмет көрсетеді.

«Сервистік әкімдік» жобасының басты мақсаты қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімнің артуы менекуінің арасындағы байланысты нығайта түсіріп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкіндік береді.

«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  бір орынға шоғырландыру арқылы олардың мерзімдерін едәуір қысқартуға, сондай-ақ, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, сапалы кеңестер беру және «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсету принципі негізінде, мемлекеттік органдармен 5 — «Сервистік әкімдік» 2 — «Ашық әкімдік» орталықтарын және 16 — фронт офистері ашылды. Жалпы саны 50  мемлекетік орган «Оpen space» форматында қайта жабдықталып ашық кеңседе жұмыс істей бастады.

Атап айтқанда, Тараз қаласында сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары саласында қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды. Осы бағытта жұмыстар Меркі, Шу, Талас және Жуалы аудандарында және полициядепартаментінде жолға қойылды.

Сондай-ақ, Облыс әкімдігі және Тараз қаласы әкімдігі аппараты ашықтық принциптерімен жұмыс жасауға көшті. Онда халыққа ыңғайлы жағдай жасалды, қызметкерлер ашық түрде фойеде қабылдау жүргізеді.

Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар «Бүгінгі мемлекеттік аппарат  – ол азаматтарға кедергісіз қызмет  пен жан — жақты қолдау көрсететін болуы қажет», —  деді кездесу барысында.

Бүгінгі таңда аумақтық департамент пен облыс әкімдігі «Сервистік әкімдік» форматына көшіру жұмыстары одан әрі жалғастырыла береді.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru