Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылда полиция балаларға көрсеткен көмегі үшін марапатталды

0 35
Департамент басшылығына кәмелетке толмаған балаларға қол ұсынған полицейлерге ата-аналардан алғыс хаттар келіп түсті.

Жамбыл облысының полиция департаментінде кәмелетке толмаған балаларға дер кезінде көмек көрсеткен полиция қызметкерлері марапатталды.

Алғыс білдіруге олардың кәсібилігі мен азаматтарға деген мұқият қарым-қатынасы себеп болды.

Атап айтсақ, мектепке бара жатқан жолда адасып кеткен 8 жастағы оқушы қызға көмектескен патрульдік қызметкерлерге анасы ризашылығын білдірді. Полиция экипажы жол жиегінде жылап тұрған баланы байқаған соң дереу тоқтап, оның жағдайын сұрап, жұбатып, тәтті беріп, аман-есен мектепке жеткізді.

Тағы бір жағдайда 11 жастағы бала қоғамдық көлікте ұялы телефонын ұмытып кеткен. Көмек сұрап полиция қызметкерлеріне жүгінген балаға олар жедел басқару орталығы арқылы қалалық бейнебақылау камераларының көмегімен автобустың бағытын анықтап, уақытында тоқтатып, телефонын қайтарды.

Алғыс хаттармен полиция қызметкерлері Азат Смағұлов, Руслан Аяпбергенов, Бахтияр Рахметбаев және Ернұр Төлеубаев марапатталды. Іс-шарада оқушы қыздың анасы көрсетілген қамқорлық пен жеделдік үшін шынайы алғысын білдірді.

Департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев адамдарға, әсіресе балаларға дер кезінде көмек көрсету жоғары кәсібилікпен қатар шынайы адами жанашырлықты талап ететінін атап өтті.

 Кейбіреулер үшін мұндай жағдайлар күнделікті немесе елеусіз көрінуі мүмкін. Бірақ қоғамның полицияға деген сенімі дәл осындай игі істер арқылы қалыптасады. Жауапкершілік пен кез келген сәтте көмекке келуге дайын болу — әрбір полицейге тән қасиет, — деді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.