Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылда 3 283 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0 1 169
Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстарғанда аз

Жамбыл облысында өткен жылы ереже бұзған 3 283 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыстық көші қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жарас Сатбергеновтың сөзінше, өткен жылы аймақта 25 мың 416 шетелдік азамат уақытша тіркелген. Көрсеткіш жыл сайын келушілер көбейгенін көрсетеді. Оның ішінде заң бұзатындар да бар екен. Мысалы, елде болу ережелерін бұзғаны үшін 3 283 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 895 шетел азаматы шекарадан шығарылған.

— Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардан ҚР заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 789 азаматы жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 152 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 64 млн 548 мың 469 теңгені құрайды. Оның ішінде 64 548 469 теңге немесе 100% өндірілді,- деді Жарас Сатбергенов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.