Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды


Елбасының келісімімен, Бас Прокурордың 1 наурыздағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып, аға әділет кеңесшісі, Құсайынов Жарқын Қуанышұлы тағайындалды.​ ​ ​Ж. Құсайынов Алматы қаласында 1976 жылы туылған. Қазақ мемлекеттік​ Заң университетінің​ құқықтану мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратура кеңсесінен бастап, кейіннен жүйелі түрде әскери және Алматы қаласы прокуратура органдарында жұмыс атқарған.

Алматы қаласының Медеу және Әуезов аудан прокурорларының орынбасары, Бас прокуратура департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласының Медеу ауданының прокуроры сияқты басшылық лауазымдарында тәжірибесі бар.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Елбасының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы прокурор орынбасарының қызметін атқарған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 20 жылдан асады.