Таңдаулы жаңалықтар:

Жамбыл облысында «Адал еңбектің жарқын бейнесі» тақырыбында жас суретшілер байқауының жеңімпаздары анықталды

10/12/20201min2060

Жамбыл облысында 2000-нан аса оқушы қатысқан «Адал еңбектің жарқын бейнесі» тақырыбында жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту қоры» Қоғамдық Қорымен бірлесе отырып «Азаматтық бақылау» жобасы аясында ұйымдастырған бірегей байқау – мектеп оқушылар арасында адал еңбектің қоғамдағы маңыздылығы, бірлескен еңбек бауырмалдық, қайырымдылық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат ойлы, еңбекқор оқушыны анықтау мақсатында өткен болатын.

Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар адал еңбектің бейнесі насихатталған суреттер жолдаған. Үздік деп танылған 3 оқушы жеңімпаз атанды.

Тартысты өткен өнер мен өнегенің, бірлік пен біліктіліктің байқауында Жамбыл ауданы Амангелді атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амантау Нузара 1-орынды қанжығасына байлады. Жамбыл ауданы Өрнек ауылы Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушысы Ерланқызы Хадижа өз туындыларымен екінші орынды жеңсе, ал Сарысу ауданы Абылай-хан мектеп-лицейінің 9″А» сынып оқушысы Жеткерген Әсел 3-орынға лайықты деп танылды.

Жүлделі орын алған жеңімпаздарға Департамент басшысының атынан Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.