Басқарма жұмысына талдау жүргізілді

24/08/20201min360

Сыртқы талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте, сондай-ақ Басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды — деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша баспасөз қызметі.

Басқармада 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 5-тен 8 қызметкерге дейін жұмыстан кететінін көрсетті, штат саны Басқармада 21 адамды құрайды, яғни кадрлардың тұрақтамауы 30-40% құрайды.

Сонымен қатар, әр қызметкердің бекітілген функционалдық міндеттерінің болмау фактілері анықталды.

Көрсетілген себептер басқарма қызметкерлерінің бұрынғы басшылар мен қызметкерлердің қызметі үшін жауапкершілік алмауына әкеледі. Мысалы:

2019 жылғы 4 мамырда басқарма басшысы «Отан қорғаушылар күніне» орай 15 мемлекеттік қызметшіге лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде сыйақы беру туралы бұйрық шығарды.

Алайда, талдау Басқарманың басшылық құрамының ақшалай сыйақыны толық жалақы көлемінде алғанын көрсетті. Төлем сомасы 116 518 теңгеден 170 817 теңгеге дейін болды.

Сондай-ақ, «Конституция күні» қарсаңында 2019 жылдың тамызында қызметкерлерге сыйақы мөлшерін белгілеуде дискрециялық тәсіл қолданылған.

Сонымен қатар, «жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» және «өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік қызметтері бойынша талдау барысында 2019 жылы келіп түскен өтініштерді тіркеу журналдары болған жоқ.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша 2019 жылғы хаттамаларды іріктеп зерделеу конкурстың жекелеген қатысушыларына заңсыз артықшылық көрсету фактілерін және басқалардан негізсіз бас тарту фактілерін көрсетті.

Мәселен, «Тұңғышбай» ЖК бизнес-жобасы 13-тің 7-і, яғни комиссия мүшелерінің көпшіліг оның идеясын мақұлдамағанына қарамастан мақұлданды.

Осыған ұқсас, «Aitora» ЖШС және «Қадірман» ЖК бизнес-жобалары бойынша конкурстық комиссияның шешімдері, мүшелерінің көпшілігі қарсы болғанына қарамастан оң болды.

Сонымен қатар, талдау жүргізу кезінде «Тұңғышбай» ЖК және «Aitora» ЖШС бизнес-жобалар осы уақытқа дейін іске асырылмағандығы белгілі болып отыр.

Одан басқа, комиссия мүшелерінің басым бөлігі оң дауыс бергенімен, грант беруден бас тартудың бірнеше фактілері анықталды.

Мысалы, «ЖансәулеМыңтай» ЖК және «Agrojem» ЖК бизнес-жобалары бойынша комиссияның 14 мүшесінің 11-і оларды мақұлдағанына қарамастан гранттар берілмеді. «Қанатбаев А.Б.» ЖК және «Наушарбан» ЖК 14 Комиссия мүшелерінің 10 оңдауысымен грант алған жоқ.

Бұдан басқа, Конкурстық комиссия мүшелері мен мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысушылар арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталды.

Сонымен, А.О. Заурбекова мүшесі болған Конкурстық комиссия отырысында оның жақын туыстарының, яғни ЖК «Заурбекова А. Б.» (қызы) және ЖК «Ә.Б. Заурбековтің » (ұлы) бизнес-жобалары қаралып, комиссия мүшесі қызы мен ұлының бизнес-жобаларын мақұлдау үшін дауыс берді. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша ЖК «Заурбекова А.Б.» бизнес-жобасы (кәсіби құзыреттер орталығын ашу) мақұлданды және 2 млн. теңге грант сомасы берілді.

Сол сияқты, конкурстық комиссияның мүшесі Т.Т.Айменов отырыс барысында өзінің ұлы Ж.Б. Айменовтың (ЖК «Нью Алианс» ЖК) бизнес-жобасына (бадам өсіру) дауыс берді, осылайша жақын туысының 3 млн. теңге сомасында мемлекеттік грант алуына ықпал етті.

Департамент қызметкерлері басқарма өкілімен бірлесе кәсіпкерлердің мемлекеттік грант қаражатын пайдалануын зерделеу үшін 5 бизнес-жоба бойынша арнайы шығып зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1,5 млн.теңге мемлекеттік грант сомасын алған ЖК «Energy» өз бизнес-жобасын іске асырмағаны анықталды.

Жоғарыда көрсетілген олқылықтар басқарма қызметін реттейтін нормативтік – құқықтық актілерде басқарма қызметкерлері тарапынан да, Конкурстық комиссия тарапынан да нақты регламенттелген нұсқаулықтардың болмауы, сондай-ақ басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне жауапсыздық себебінен туындады.                

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша басқармаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау алғышарттарын жою бойынша нақты ұсынымдар берілді.