«Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жол сапасын жіті бақылауда

29/04/20201min1200

«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысы Н.Жувандыкова ағымдағы жылдың 3 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімі алдында есеп берді.
Атап айтқанда, жобалық кеңсе тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында өз жұмыс қоғамдық бақылауды жүргізу арқылы іске асырып келеді. Адалдық алаңы жол сапасына үнемі жіті бақылау жүргізу мақсатныда жыл басынан бері 12 қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның негізінде жол сапасының бұзылуына қатысты 30 кемшілік анықтап, оны қалыпқа келтіру бойынша тиісті ұсыныстар жолданған.
Ал, қала тұрғындарымен жол жабындыларын бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 103 мың теңгеден аса айыппұл салынды.
Одан бөлек, жол саласындағы уәкілетті органдармен жоба қызметкерлері бірігіп жолаушы тасымалдаушы және жүк көліктеріне рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы тас жолдарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органмен тасымалдаушыларға 1,8 млн теңгеге айыппұл салынды.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru