Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы сұйылтылған мұнай газы мен тауарлық газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарда пайдаланумен байланысты, газды-ауалы қоспасының жарылыстары мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының талаптарын орындау үшін Сіздің назарыңызға келесіні ұсынады.

Аталған Заңның:
— 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
— 28 бабының 7-тармағына сәйкес, қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады;
— 19 бабының 3-тармагына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті;
— 30 бабының 2-тармағы негізінде ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 306 бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жеті (20 419 жиырма мың төрт жуз он тоғыз тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіз пәтеріңіздегі газ құралдарын қауіпсіз пайдалануға және үй ішіндегі (пәтерден тыс) газбен жабдықтау жүйелерін жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндеттісіз.
Газ техникалық инспекция бөлімі тел.: 24-75-04, whatsapр: 8778-110-11-40, 8702-380-81-23

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *