Таңдаулы жаңалықтар:

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АНЫҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ | Zau.kz

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызмектерлері қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе жүргізген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 21 шағын аудан 22 үйдің қасындағы заңсыз құрылысты анықтады. Онда пәтер иесі көпшілік пайдалануға жататын жерді өз бетінше қоршап, жеке басының қажеттілігі үшін пайдаланғаны анықталды. Пәтер иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңсыз қоршау алынып тасталды.

Осы тектес, дүкеннің жанына қоршау жасалып, мемлекет жерін өз қажеттігіне пайдаланған пәтер иесіне де түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қоршау алынды.

Құрметті қала тұрғындары, сіздерді жер кодексінің талаптарын сақтауға шақырамыз. Көпшілік пайдаланатын жерлерді өз еркімен заңсыз иеленуге жол берілмейтінін назарларыңызға жеткіземіз.