Таңдаулы жаңалықтар:
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында заңсыз құрылыс бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада Теріскей шағынауданы №49 үй алдында заңсыз тұрғызылған жеңіл конструкциялы құрылыс нысаны анықталды. Тиісті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде заңсыз деп танылған құрылыс нысаны алынып тасталды.
Қала тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді абаттандыру қағидасын бұзбауға шақырамыз. Шаһарда бұл мақсатта барлық аудан аумағында зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *