Экономист педагогикалық университетке ректор болып тағайындалды

Экономист Ержан Әмірбекұлы Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Жаңа ректор  1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын осы оқу ордасында «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы ретінде   бастаған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасына қабылданады.

2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқытушы болып бекітілді. Кейіннен аға оқытушы, доцент, профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі атанды.

Е.Әмірбекұлы ғылыми-педагогикалық қызметі барысында  80-нен астам еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралының, 1 монографияның авторы болды.

Ол 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2011» атағымен марапатталды. Сонымен қатар білім жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін атамыш министрліктің Алғыс хатына ие болған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru