Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілді

28/12/20201min320

Бүгін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға Комитеттің жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық бөлімшелер қатысты.

Кеңес барысында О.Бектенов: «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болуға және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс», — деп атап өтті.

Осыны ескере отырып, бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар (ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.

Мәселен, Қылмыстық кодекске жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы (50 АЕК-ке дейін) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады және 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәсіпкерлік қызметке 2 жыл емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал мұндай қызметке заңсыз қатысқаны үшін 1 жыл емес, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін одан да қатаң жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге тыйым салу туралы атап өтілді.