Таңдаулы жаңалықтар:

ЭКОНОМИКА ӨСІМІ ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ҚАРҚЫН БЕРДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Шымкент қаласының инфрақұрылымы қарқынды дамыды. Он жылға жоспараланатын жұмыстар үш жыл ішінде атқарылып, жол, ауыз су, көгілдір отын ел игілігіне берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі – 98 пайызға, газбен қамтамасыз ету – 93 пайызға, ал сапалы электрмен қамту көрсеткіші 97 пайызға жететін болады. Жалпы, 2023 жылға дейін шаһар тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады.