Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы ТЖБ қызметкерлері, №3 және №5 ӨСБ қызметкерлері, Әл-Фараби ауданының әкімшілігі қызметкерлері және ерікті жастармен бірлесе отырып “Улы газдың алдын алу” тақырыбында түсіндірме үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары қаламыздың төменгі Отырар, Сәуле шағын аудандары және Забадам мөлтек ауданының тұрғындарына жүргізілді.
Іс-шара барысында арнайы жадынама парақтары таратылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.