Таңдаулы жаңалықтар:

ҰЛТТЫҚ САНАҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

  • Санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдерге негіз болу үшін қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін тиісті сала мамандарына тапсыра отырып, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты, — дейді Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Меруерт Жаңабаева.
    Олай болса мәнге де, мазмұнға да бай болғалы тұрған ұлттық санақтың маңызы үлкен.
    Биылғы Ұлттық халық санағы шартты түрде екі кезеңнен тұрады.
    Дайындық кезеңі маусым айында өтті. Интервьюерлер планшетті қолдану арқылы Шымкенттегі барлық елді мекендерді аралап, тұрғын үйлердің, адам тұруы мүмкін ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасады. Аталған жұмыстарға 227 санақ персоналы тартылды. Оның 29-ы нұсқаушы-бақылаушы (1,5 айға) және 198 интервьюер (1 айға). Қала бойынша 235 мыңнан астам нысанды (тұруға арналған және адам тұруы мүмкін үй-жайлар) аралады. Ондағы тұратын адам саны 1 миллионан асатыны анықталды, — дейді Меруерт Жаңабаева.