Таңдаулы жаңалықтар:

2021 жылдың 1-30 қазан аралығында санақтың 2-кезеңі жүргізілуде.

Осыған орай, Еңбекші ауданында 37 санақ учаскелері анықталып, 37 нұсқаушы бақылаушылар және 252 интервьюерлер (санақшылар), жалпы барлығы 289 адам санақ жүргізу мақсатында еңбек етуде.

Сонымен қатар, 2021 жылы Қазақстанның жалпы ұлттық халық санағы алғаш рет цифрлық технологияларды пайдалану арқылы өтіп, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік болды.

Ал 1-30 аралығында дәстүрлі түрде өткізілуде.

Жалпы, халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жүргізілетін іс-шара.

Санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет.

Қарапайым сөзбен айтқанда – халық санағының нәтижесіне қарай, біздің қаламызға қаржы бөлінуінің көлемі де анықталады. Қаржы көбірек бөлінсе, қала тұрғындарына жағдай жасау сапасы да артады.

Осыған орай, әр тұрғын санақ өткізуге өз үлесін қосып, қойылатын сұрақтарға сапалы жауап беруге шақырамыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *