Тыңда, дала, үнімді!

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын, журналист, жас сазгер, әнші Нұрлан Әбдікәріммен «Тыңда дала үнімді» атты онлайн поэзия кеші өтті.
Кеште жас ақын онлайн келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, қазіргі өлеңдердің құрылымына, өлең өлкесінде жүрген жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғады. Поэзияға соңғы төрт жылда келгенін, яғни, туған жерге табаны тигеннен бастап, қалам тербегенін толғаныспен жеткізді.
Аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығына тоқталды.
Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, телеарна тілшісі ретінде сюжеттерінде билік пен халық арасында кей оқиғалардың ойынан шықпай қалған сәтінде қиналатынын да жеткізді. Осы жерде ақын жанының туған халқының тағдырына, атамекеніне, оның ертеңіне терең уайымдайтынының куәсі болдық. Ол –уақыттың ырқымен кетпей, жырлары арқылы биік адамгершілік пен парасат-пайымын көрсеткісі келетінін айтты.
Онлайн кездесуде өлең оқылып, ән шырқалды.
Өмірдегі ұстазы, идеалы әкесі, ал, өмірлік ұстанымы — адалдық екенін айтып, отбасы құндылықтары туралы ойын жеткізді.
Адамның биік құндылықтары мен мейірімділікті жырлаған жас ақынның шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru