Тың табыстарға жете беріңіздер!

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың Спорт күнімен құттықтауы
Құрметті аудан спортшылары!
Спорт саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық, сергектік мерекесі. «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Саламатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту «Қазақстан-2030» стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Елбасының дәстүрлі Жолдауларының бірінде елімізде бұқаралық спортпен айналысатындардың қатарын 30 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
Сондықтан елімізде, біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт ғимараттарының жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейіп келеді.
Ауданда дене шынықтыру мен спорт деңгейі жақсаруда. Оның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында аудан спортшылары республикалық, облыстық біріншіліктерге тұрақты қатысуда. Сондықтан да бұқаралық спорт әрбір адамның өміріне етене серік болады деп және Сіздер келешекте де аудан намысын биікке көтереді деп сенемін.
Құрметті спортшылар мен спорт мамандары!
Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа спорт белестерін бағындырудағы жетістіктеріңіздің биіктей беруіне, тың табыстарға жете берулеріңізге тілектестік білдіремін!
Мерекелеріңізбен, құрметті спортшылар!
Ізгі ниетпен:
Бақытжан Алпысұлы Жақсылықов.

Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru