Таңдаулы жаңалықтар:

«ТУРИСТЕРДІ ЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН МЕЙМАНДОСТЫҒЫМЫЗ АРҚЫЛЫ ТАРТА АЛАМЫЗ»

«Visit Shymkent» орталығы туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетинтік ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Атап айтқанда, көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен де айналысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.