Ағымдағы жылдың 02 қазан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы бойынша Әділет департаментімен бірлесіп «АДАЛ КӨМЕК» акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында облысқа танымал адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және заңгер-кеңесшілер құқықтық кеңес берді.
Кеңес беру келесі сұрақтарды: азаматтық және қылмыстық істердегі құқықтар мен мүдделерді қорғау туралы, барлық нотариаттық іс-әрекеттер жасау (оның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландыру, мұраны ресімдеу), сотқа талап арыздарды ресімдеуге көмектесу, алименттерді, берешекті сот шешімдері негізінде өндіріп алу мәселелерін қамтыды.
Акцияға жалпы 22 адам қатысып, сұрақтарына жауап алды. Арасында мәселелері шешілгендер де бар.