Таңдаулы жаңалықтар:

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Ақжайық» шағынауданындағы 14-21 тұрғын үй тұрғындары қоғамдық қабылдауыма келіп, мәселелерін айтқан болатын. Сондықтан бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі ретінде Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараевты шақырып, тұрғын үй тұрғындары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесу өткіздім.

Тұрғындардың сөзінше, аулада екі көлік қатар тұруға жеткілікті етіп жол қалдырылуы керек. Ал бордюр тұрғын үйге жақын орналасқандықтан көше тар болып қалған. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдағаннан соң, мердігер мекеменің жауапты қызметкерлері көптің қалауына сәйкес бордюрді ауыстырып беретіндерін айтты. Нәтижесінде тұрғындар мен мердігер мекеме арасындағы түсініспеушілік өз шешімін тапты.

Алдағы уақытта бордюрді ауыстырудың құжаттамасы реттеледі. Оның да оң шешімін табатынына сенімдімін!