Таңдаулы жаңалықтар:

ТҰРҒЫН ҮЙ РЕФОРМАСЫ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУДЕ

Абай ауданында көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестік құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 341 жиналыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 334 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 48,1 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 277 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 57 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Өткен аптада аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тағы 24 жиналыс өткізіліп, 1 үйге МИБ құру жұмыстары жүргізілді.

Ал Әл-Фараби ауданында тұрғын үй реформасын түсіндіру жұмыстары медиа жоспар арқылы жүзеге асуда. Бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен тұрғын үйді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 403 жиналыс өткізілді. Нәтижесінде, 52 көпқабатты тұрғын үй мүлік иелерінің бірлестігі, 142 тұрғын үйде жай серіктестікке өтті. Қазіргі таңда қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

Қаратау ауданы әкімдігінің жұмыс нәтижесінде тұрғындармен 61 кездесу, 13 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 9 МИБ) және 214 жай серіктестік құрылды.
Қазіргі таңда шаһардағы төрт аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына түсіндіріліп жатқан жаңа реформа тиімділігін көрсетуде.