Таңдаулы жаңалықтар:

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАНДАНДЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан жол құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекемеге тұрғындар сұранысына сәйкес аталған аумаққа қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салу бойынша келіссөз жүргізілді.

Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарының мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салынатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде -2 мыңға жуық тұрғын бар.

Шағынауданның жолдар құрылысын-«Әлем Строй» ЖШС мекеме жүргізуде.