Таңдаулы жаңалықтар:

«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының Шымкент қаласы І кезеңі аяқталды - Zau.kz

Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты 5-7 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауына 4 аудан бойынша 344 оқушы қатысты.
Мектепішілік кезеңнен 344 оқушы қалалық «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық байқауға жолдама алды.

Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тарихқа, географияға, астраномия және түрлі ғылымдарға қызығушылығын арттыру.
Байқау шарты бойынша оқушыларға алдын ала «Сиқырлы жұлдызша», «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» , «Сиқырлы қазғыш — таяқша» , «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітаптары оқуға берілген. Байқау барысында осы оқыған кітаптар мазмұны бойынша ашық сұрақтарға жауап берілу керек.

Қалалық жеңімпаз команда аймақтық іріктеу кезеңіне жолдама алып, жеңімпаз атанған шартта желтоқсан айында республикада бақ сынасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *