Темірбек Қожакеев

1926 жылы 17-желтоқсанда Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген.  Ғалым, филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996).

1953 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Аталған жылдан өмірінің ақырына дейін әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де қызмет атқарды. Т. Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Қазақ сатирасының даму жолына арнап “Қазақ сатирасы” (1970), “Абай – сатирик” (1970), “Қазақ совет сатириктері” (1975), “Сатира және дәуір” (1976), “Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары” (1978), “Адам. Қоғам. Сатира” (1980), “Сатиралық жанрлар” (1983), “Сатира – күштілер қаруы” (1985), “Сатира негіздері” (1996) сияқты еңбектер жазды. Қазақ әдебиеті мәселелері бойынша “Абай және Сұлтанмахмұт” (1969), “Қазақ мысалы” (1969), “Әлемнің Әуезові” (1997) зерттеулерін жариялады. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет  қайраткерлері мен жазушылар, журналистер мұраларына арналған еңбектері жарық көрді. Т. Қожакеев Жамбыл облысы Меркі ауданының құрметті азаматы (2002). “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 2003 жылы өмірден өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *