Таңдаулы жаңалықтар:

ТЕАТР ӘРТІСТЕРІ БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТТЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполис театрлары бүлдіршіндерді қуантуға кірісіп кетті. «Ертегілер еліне қонақта» шарасының аясында Шымкент қалалық орыс драма театры, әзіл – сықақ және сатира театры, қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары балабақшаларға барды.

Шымкент қалалық қалалық әзіл – сықақ және сатира театры «Ақзия» балабақшасының бүлдіршіндеріне С.Алтаевтың «Көңілді көбелектер» спектаклін тарту етті.

Көбелектердің дәстүрлі өмір сүру салтын сақтап, өз тіршілігін қорғау жолында сиқырлы, әрі жағымсыз кейіпкер Эйбен жіберген зұлымдықтың бәрін жеңіп шығуы бүлдіршіндерге жақсы мен жаманды ажыратуға көмектессе, аралар арасындағы арпалыс, қалпақты адамның көмегі, дәрігер Дәруменнің әрекеті олардың ертегілер еліне саяхаттауына мүмкіндік берді. Балабақшаның «Құлпынай», «Кәусар», «Қарлығаш», «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілері ерекше қуанды.

Ал, қалалық орыс драма театры «Дария Марс» балабақшасының тәрбиеленушілерін В.Зиминнің «Жила-была Сыроежка» ертегісімен қуантты. Қоюшы режиссер А.Петриченконың спектаклі балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараға Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры да атсалысты. Олар «А-Айналайын» балабақшасында достық пен татулықты дәріптейтін М.Абай-Ділдәнің «Туған күн» ертегісін сахналаса, «Арнаулы мектеп-интернат» оқушыларына өрт қауіпсіздігі мен жол ережелеріне арналған Ә. Файзуллаұлы «Өрт» ертегісін қойды.

Бұл ертегілердің әрқайсысы бүлдіршіндер мен оқушылардың жақсылық пен жамандық, әділдік пен адамгершілік туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *