Тазалық – денсаулық кепілі

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тіс дәрігері, «NurStom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрсұлтан Сауқымбековпен «Тазалық – денсаулық кепілі» онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Сауқымбекұлы тіс күтімі, алдын-алу шаралары, ортопедиялық стоматология, хирургиялық стоматология тақырыбына кеңінен тоқталды.

«Емделушілердің дені тісі қатты ауырып, күрделі емделуді қажет ететін кезде қаралады. Негізі ересек адамдар тістерін әр жарты жыл сайын тексерістен өткізсе, ал, балалардың тек тісі ғана емес, кез келген даму процесі тез жүретіндіктен, қандай да бір ақаулықты анықтасаңыз, дереу мамандарға қаралып, уақытында емделу қажет» — дейді тіс дәрігері.

Қазіргі кезде жастардың арасында жиі кездесетін «тіс қисықтығы» мәселесінің белең алып бара жатқандығын айта келе, дер кезінде алдын алмаса, тістегі ақау – адам ағзасындағы бар ауру-сырқаудың бастауында тұратындығын жеткізді.

Ғалымдардың зерттеуінше, адамдардың 98% тіс ауруларынан зардап шегеді екен. «NurStom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде емделушілерге  30-70 % аралығында жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек, жолдама арқылы қабылдау жүзеге асырылады.

Тіс дәрігері онлайн оқырмандарға пайдалы кеңестер беріп, тіс ауруының алдын-алуды тіс ауырғанын күтпей, қазірден қолға алу керектігін түсіндірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *