«Таза қала» жобасының тиімділігі мол

20/02/20201min890

Өткен жылы «Таза қала» жобасы іске қосылған болатын.
Қаланың санитарлық тазалықты сақтау және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жөніндегі жұмыстарды пәрменді жүргізу мақсатында 2019 жылдың 26 маусымында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Тараз қаласының әкімдігінің және Тараз қалалық полиция басқармасының арасында 3 жақты бірлескен бұйрыққа қол қойылған.
Осы бірлескен бұйрыққа сәйкес қаланың санитарлық тазалықты сақтау және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару кезіндегі тәртіп бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шара жөніндегі жұмыс тобы бекітілді.
«Осылайша бізідің мақсат – Тараз қаласы тұрғындарының арасында өзінің ауласын, қаласын таза ұстау, қоқысты әр жерге тастамауға шақырып халықтың тазалық мәдениет көтеру болды», деді, Департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Қуанышбайұлы.
2019 жылдың 2 жартыжылдығында бірлескен топпен барлығы 20 ға жуық рейдтік іс шара жүргізіліп, онда қаланың санитарлық тазалығының талаптарын сақтамаған 2 заңды және 1 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Осы жоба бұдан әрі де жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *