Таңдаулы жаңалықтар:

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясына қатысты.

Аталған іс-шара Абай ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық акциясы барысында «8 шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлер аулалары мен аллеясы қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 200 ерікті жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *