Таңдаулы жаңалықтар:

Тәуелсіздікке – 30 жыл: Қордайлық жастар кіші футболдан бақ сынады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Қордай ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!» атты аудан жастары арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Ойын жастардың денсаулығын күшейту, дене тәрбиесін және спорт жүйесін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатына негізделді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқынаатты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында өткізілген спорттық іс-шара Қордай ауылындағы орталық «Жасыл саябақтың» кіші футбол алаңында ұйымдастырылды.

Тартысты өрбіген аталған жарысқа 4 команда қатысып, өзара қызықты ойын өрнегін көрсетті. Төрешілердің шешімі бойынша «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!» атты кіші футбол ойынына белсене қатысқаны үшін «Аухатты» командасы марапатталса, жүлделі І орынды — «Техноград» командасы жеңіп алды.  Ал, ІІ  орынды «БЖШО №18» командасы иеленсе, жүлделі ІІІ орынға «Қордай» командасы лайық деп табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.