Таңдаулы жаңалықтар:

Тәуелсіздікке – 30 жыл: Қордайда игі жобалар жүзезеге асады

Биыл ата-бабамыз арман еткен Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ. Қазақ халқы Тәуелсіздік жолында небір қиын—қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Сан түрлі соғыстар, ұлт-азаттық көтерілістер, саяси қуғын-сүргін, ашаршылық… Дейтұрғанымен, уақыт бәрін де емдейді. Бүгінде еліміз егемендікке қол жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Тіліміз, дініміз, дәстүріміз қайта оралып, жаңғырды. Сондықтан, біз үшін Тәуелсіздік мерейтойының мәртебесі қашан да жоғары болып қала бермек.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл көзді ашып жұмғандай қас—қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз», деген болатын. Осы ретте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында нақты ұсыныстар айтылды. Президент ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа салынбай, әрбір іс-шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл ұсынысы өте орынды болғаны шындық. Бүгінгі әлемде орын алып жатқан жағдайға байланысты қаржыны оңды-солды шашып, ұлан-асыр той жасайтын заман емес. Мемлекет басшысының бастамасымен ұлы мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік жағдайы мен елдің тұрмысын тіктейтін игі істер қолға алынбақ.

Осыған байланысты Жамбыл облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 жобаны іске асыру көзделді. Тұрғын үй және жолдар салу, ауыл-аймақтың инфрақұрылымын дамыту, білім және медицина саласын жетілдіру, рухани құндылықтарды дәріптеп, қайырымды істерді атқару – осының барлығы арнайы әзірленген жол картасына енгізілді.

Жобалардың ішіндегі ең маңызды әрі ауқымдысы – көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы. Мәселен, былтыр ауданда 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 3 үй жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілсе, биыл 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *