Таңдаулы жаңалықтар:

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ 30-ДАН АСА НЫСАН АШЫЛДЫ

1991 жылы қалада 52 мәдениет нысаны болса, 2021 жылы олардың саны 86-ға жетті. Яғни, тәуелсіздік жылдары 30-дан аса мәдениет және өнер нысаны ашылған.
…2014 жылы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы пайдалануға берілді. Мұнда Қазақстандағы бар халықтың әдет-ғұрып және салт-дәстүрінен хабар беретін материалдар қойылған. Таяуда ғана аталған орталықтың ұйымдастыруымен «ShymQala» этноауылында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткен 30 баланың тұсау кесу рәсімі өте әсерлі өтті.
Міне, тәуелсіздіктің 30 жылында қаламыз ғасырлар бойы бүкіл Азияның өнері мен мәдени мұрасы тоғысқан ірі орталыққа айналды. Сол замандардан бері Шымкент тұрғындарының бойында ерекше қасиет қалыптасты. Бұл – мәдениеттілік, іскерлік, қонақжайлылық және өзгеріске деген бейімділік.