Таңдаулы жаңалықтар:

«ТӘУЕЛСІЗДІК БАБАЛАР АМАНАТЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШТІҢ «КҮМІС ҚАЛАМ» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бабалар аманаты» атты жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс қалам», поэзиялық кеші өтті.

Поэзиялық кештің мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында жеткен жетістіктерін насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның өзара ауыз біршілікте болуын, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Аталмыш кешке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, белгілі ақын-жазушылар, белсенді жастар, волонтерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Ережеге сәйкес поэзиялық кешке республиканың 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 ақын қатысуға ниет білдіріп,қазылар алқасының іріктеу нәтижесі бойынша 20 ақын додада бақтарын сынады.

«Күміс қалам» поэзиялық кешінің нәтижесі бойынша:

Бас жүлде «КҮМІС ҚАЛАМ» иегері — Ершат Қайболдин Ақтөбе облысы. Жеңімпазға арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табысталды.
Финалист «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды — Айдана Қайсарбек — Алматы обылысы .
️Жартылай финалға өткен 4 ақынға:
️ «Жәркен Бөдешұлы» атындағы арнайы сыйлық — Нұрболат Жолдасбек Жамбыл облысы.
️«Әбілда Аймақ» атындағы арнайы сыйлық — Әлімжан Әлішер Шымкен қаласы.
️«Жеңіс Баһадүр»атындағы арнайы сыйлық — Мұқағали Кенжетай Түркістан облысы.
️«Әділ Ботпанов» атындағы арнайы сыйлық — Салтанат Мадиярқызы Шымкент қаласы.

️Ал қалған 14 ақынға қаламақы мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.