Тарих ұмыттырмайтын уақыт

31 мамыр — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осындай атаулы күннің қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тарих ғылымдарының кандитаты, доцент Сейдахан Бақторазовпен «Мәңгілік мұң-шерлі шемен» атты онлайн сұхбат өтті.
Онлайн сұхбат барысында тарихшы «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындарының да зардап шеккеніні, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағанына тоқталды. Сонымен бірге Сейдахан Уәлиұлы Оңтүстік өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарының өміріне тоқталып, олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болғандығын және олар көрген азапты жылдар туралы, тарихтың ақтаңдақ беттерінің талай шындығы бұрмаланып, олардың ақталуына ұзақ уақыт кеткенін атап өтті.
Сол кездегі жүйенің саяси құрбандарға халықтың теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасағаны, сонымен қатар діни сауаттығы бар адамдарды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптап, ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізгені туралы мол ақпарат берді.
Сейдаған аға онлайнда «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер» деген жала жабылған ата-бабаларымыздың бүгінгі таңда ақталып шығуы ол тәуелсіз мемлекеттің жеткен ең үлкен жетістігі екенін ерекше атап, олар жайлы ақпарат табу үшін көп уақытын мұрағатта өткенін, бұл тыңғылықты жұмысты қажет ететінін, әлі де көптеген ізденістердің қажет екенін айтты.
Онлайн кездесу барысында оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жауап беріп, ұлт мүддесі төңірегіндегі өзекті ойларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *