Тараздағы кітапханаларда жемқорлыққа қарсы бұрыш ашылды

20/02/20201min1490

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің болашағы. Болашақ мамандардың заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табуға болады.


Осы орайда, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Тараз қаласындағы «Шоқан Уалиханов» атындағы Жамбыл облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ашық кітапхана – адал оқырман» кітапханашысыз бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыш ашылды.
Аталған бұрыш осы тақырыптағы түрлі газет, журналдар, кітаптар қойылып, оқырманның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарындағы материалдарды бір жерден алуына мүмкіндік берді. Яғни, оқырмандар ақпаратты іздеп жүрмей, қажетті мәліметтер қолжетімді әрі адамдардың уақытын үнемдейтін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *