Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда жол ережелерін бұзған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

0 60

Тараз қаласының көшелерінде “Lada 2107” маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, басқа жол жүрісінің қатысушыларына қауіп тудырған. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бағыттамасымен 26 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ол жол қиылыстарынан өту, жолдың жүру бөлігін кесіп өту, маневр жасау ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілер жолымен және тротуарлармен жүру, бағдаршамның тыйым салған сигналына қарамастан өту, жолдың қарсы бағытына өту және кері бұрылып шығу секілді бұзушылықтар жасады.

Осы бұзушылықтар бойынша оған қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 228 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сонымен қатар, жүргізуші 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.