Таразда «Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Тараз қаласында  2020 жылдың 17 қаңтарында  Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл  басқармасы Облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп «Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері, білім беру, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Тараз қаласы орта мектептерінің директорлары қатысты.

Кездесуде синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелі ойлар талқыланып, нәтижесінде нашақорлықтың алдын алу бойынша  2020 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары жасалды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды түрлі сала мамандарының түсіндірді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  11 қаңтарында заңды күшіне енген есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау секілді қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары да көпшілік назарына жеткізілді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru