Таразда Қарасу мөлтек аудан тұрғындары неге наразы?!

05/03/20211min320

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Тараз қаласындағы Әлеуметтік дүкендерге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Дүкенге кіре берістен-ақ тұрғындар зерделеу тобын жағадан алды. Даудың басы жұмыртқаны уақытылы сатпайтындығы, қораппен сыртқа шығарып саудалайтындығымен басталды. Осы мәселені көтерген тұрғындарға нақты дәлеліңіз бар ма, қаншалықты рас екенін дәлелдей аласыз? дегенде еш жауап бере алмай, бір-біріне сілтеумен ғана ақталып отыр. Ал, бұл сияқты тұрғындардың жауаптары шындыққа жанаспайды.
Ал енді, тұрғындардың назарына сала кеткіміз келеді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әр сейсенбі және бейсенбі күндері жұмыртқа қоймадан шығарылады. Ал жұмыртқаның қашан келетінін білген тұрғындар әрине, сол мезетте келіп сатып алады. Осы орайда, назарларыңызға сала кеткіміз келетін жағдай, әлеуметтік дүкендерде касса маңында кестелер ілінген. Кестеде қандай азық-түліктердің, қай күндері келетіндері көрсетілген. Кестеде көрсетілген ақпаратқа сай мерзіммен барсаңыз, өзіңізге қажетті азық-түліктерді таба аласыз және тұтынушы ретінде ол тауарларды сатып алатын мүмкіндігіңіз бар.


«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жыл басынан бері аталмыш бағытта бірнеше ұсыныстар берген болатын. Ұсынысқа сай тұрғындар мен сатушылардың арасында қақтығыстар болмау үшін бейнебақылау камераларын орнату мәселесі де көтерілген болатын. Шын мәнінде ӘКК тарапынан дүкен сөрелеріне тауарлардың неше рет қойылатындарын онлайн режимінде қарап отыру, сондай-ақ басқа халықтың, қоғам белсенділерінің тарапынан берілген бірнеше ұсыныстар қабылданып, қазіргі таңда жүзеге асып отыр.
Осы тұста айта кететін жағдай, қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен дәл осындай әлеуметтік дүкендердің санын көбейту қолға алынып отыр. Бұл жоба болашақта іске асатын болса, біз тұрғындарымызды, түгел халқымызды әлеуметтік бағада қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз деп санаймыз.
Ал, қазіргі уақытта Жамбылдықтар үшін ескеретін жағдай, Тұрақтандыру қорының қоймасындағы тауар санына сәйкесінше әр әлеуметтік дүкен өз стандарттарына сай, шектік мөлшермен саудалауға мәжбүр.
Аталмыш мәселе алдағы таңда жобалық кеңсе назарында болмақ!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *