Таразда «Есіктен- есікке» акциясы жалғасын табуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сұлтан Өсербаев және Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Минура Божымбаева  көне шаһардың «Ақбұлақ»  мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Кандидаттар  партияның  Тараз қаласын дамыту бойынша 7 басымдықты айқындағанын айта келе, олар туралы жан-жақты ақпарат  берді.

Мысалы, «Жайлы  қала» бағыты бойынша     жалпы ұзындығы 1 831 км болатын автокөлік жолдары көліктің қауіпсіз әрі тиімді жүруін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай ұзындығы 201,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге, автобус паркін 2025 жылға қарай 52%-дан 90%-ға дейін жаңартуға, жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алуға, қаладағы  әлеуметтік бағыттарға бюджеттен субсидия бөлуге, қоғамдық көліктерде электрондық билеттер жүйесін толық көшуге ықпал етеді.

Акция аясында аталған ықшам  аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сұлтан Өсербаев және Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Минура Божымбаева  тұрғындарды алдағы сайлауға келіп қатысып, «Nur Otan»  партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan»  партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді