Таразда бір жылда 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлдара Алданышқызы Нұрымова және Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Амина Рысбекқызы Қайназарова Тараз қаласындағы «Бәйтерек» ықшам  ауданының тұрғыны, 3 баланың анасы Нелюфардың шаңырағында қонақта болып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сайлауалды бағдарламада шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген жоспарлар қамтылған.

«Nur Otan» партиясы  жыл сайын кемінде 3 мың  тұрақты  жұмыс орныдарын  құруға, 30-дан кем емес әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға,  жылына 1000 адамнан кем емес жастар практикасын ұйымдастыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлауға, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларының жобаларын іске асыруға ықпал етеді.

Қабылданған кешенді жоспар қалада 5 жылдың ішінде шамамен жалақыны 130,7 мыңнан 176 мың теңгеге дейін өсіруге және жұмыссыздықты 5,6%-дан 4,9%-ға дейін төмендетуге  мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға кең көлемде көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде әлеуметтің әлеуеті арта түсетін болады. Бұл бағытта да нақты бағдарлама айқындалған.

Кездесу барысында кандидаттар қала тұрғынын  сайлау науқанында дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді